5 қыркүйек күні Өскемен жоғары медицина колледжінде  «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесіне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында ұлт пен тіл жанашырлары Ахмет Байтұрсыновтың туған күні, Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы, 2019 жыл-Жастар жылы атап өтілді. Осыған орай қара өлең оқып, ән салып, Абай, Ахмет, Мағжан сынды ақын-жазушыларымыздың өмірі,  шығармашылығымен танысып, насихатталды. Іс-шараға бірінші курс студенттері, Дант 217, Фарм 115, ЕІ 206 топтары қатысты.